АҚШ Иранмен соғысқа 113 млрд доллар жұмсаған

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясына жұмсалған шығыны 113 миллиард доллардан асты. 

Ресми деректерге сәйкес Вашингтон алғашқы алты күннің өзінде шамамен 11 миллиард доллар жұмсаған. Одан кейін шығын тәулігіне орта есеппен 1 миллиард доллардың көлемінде. Қаражат әсіресе авиация мен әскери кемелерді қолдауға және қару-жарақ қорын жаңартуға жұмсалған. Рейтердің хабарлауынша, мониторингтік платформа АҚШ пен Иран 60 күндік меморандумға қол қойғаннан кейін шығынды есептеуді тоқтатқан.