Ормуз бұғазы ашылды

«Алғашқы күнде 12.5 млн баррель мұнай тасымалданды», - деді АҚШ-тың вице президенті Джэй Ди Вэнс. 

Естеріңізде болса, бірер күнде Вашингтон мен Тегеран мәмілеге келіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды. Шара Женевада өтеді деп жоспарланған. Құжат мәтіні ресми түрде жарияланбаған. Алайда Иранды қайта қалпына келтіру үшін 300 млрд долларлық қор құрылады деген ақпарат АҚШ қоғамында кеңінен тарап жатыр. Оған қаражатты кім бөледі? АҚШ өзі қиратқан инфрақұрылымды өз ақшасына жөндеп бере ме?

Джэй Ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:

-  АҚШ бір доллар да жұмсамайды. Қайта араб елдері мен халықаралық қауымдастықтың инвестиция салуға ынтасы жоғары. Иран халықаралық талаптарды сақтап, келісім шарттарын орындаса, АҚШ кей санкцияларды жеңілдетуге дайын. Бұл Парсы шығанағы елдеріне, соның ішінде мысалы, Біріккен Араб Әмірліктеріне Ирандағы энергетика және инфрақұрылым жобаларына инвестиция салуға мүмкіндік береді. Мұндай экономикалық ықпалдастық Иранды аймақ елдерімен жақындастырып, оның тұрақты саясат ұстануына әсер етуі мүмкін.

Кейінгі ақпаратқа сәйкес Джэй Ди Вэнс Вашингтоннан Женеваға ұшпайтын болды. Вице президент кеңсесі келіссөздерді ұйымдастыру шаралары әлі аяқталған жоқ деп мәлімдеді. Сондықтан бүгін өтетін АҚШ-Иран жиыны кейінге шегерілді.