Ормуздан өтетін қауіпсіз су жолы ұсынылды
Ұлыбританияның Теңіз және сауда операциялар басқармасы Ормуз бұғазынан өтетін кемелер үшін ұсыным әзірледі. Құжатта теңізшілерге оңтүстік бағытпен жүру ұсынылған.
Сонымен қатар кемелерде тоқтаусыз жұмыс істейтін радиобайланыс, радарлар, навигация, автоматты тану жүйелері болуға тиіс. Бұдан бөлек, басқарма су жолдарында да кептеліс болуы мүмкін екенін ескертіп, өз іс-әрекетін АҚШ-тың әскери-теңіз күштерімен үйлестіріп отыруға шақырады. Мұндай айрықша шаралар АҚШ пен Иран арасында келісімнен кейін су жолдарын жаппай минадан тазалау үшін қолға алынды. Жарылғыш заттарды алып тастауға 2 ай уақыт кетуі ықтимал.