Осито есімді ит футбол жұлдызына айналды
Осито есімді ит футболдан әлем чемпионатының жұлдызына айналды. Ол ұлттық құраманың жейдесін, қалпағы мен көзілдірігін киіп алып, қожайынымен бірге Мехиконы шарлап жүр.
Онымен суретке түсу үшін жүздеген адам кезекке тұрады. Ал Осито түскен бейнежазбалар миллиондаған қаралым жинауда. Жұлдызды иттің қызықты тірлігін бірге тамашалайық.