Конгода Эбола безгегін жұқтырған адам саны 956-ға жетті
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырғандар саны 956 адамға жетті.
Оның 75-і медицина қызметкері. Тағы 247 науқас көз жұмған. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қазір 3 бірдей вакцина сынақтан өтіп жатыр. Ал әзірге 92 адам аурудан жазылып шыққаны белгілі. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, қауіпті індетпен күреске тағы 518 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет.