АҚШ – Иран келіссөздері өтпей қалды
Швейцарияда өтуі тиіс АҚШ – Иран келіссөздерінің бірінші кезеңі өтпей қалды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Тараптар 80 минут бойы талқылау жүргізгенімен, Иран делегациясы Дональд Трамптың мәлімдемелеріне наразылық білдіріп, кездесуден кетіп қалған. Бұған дейін АҚШ президенті Иран «Хезболлаға» қолдау көрсетуді тоқтатпаса, тағы да күшті соққы жасалатынын ескерткен еді.
Негізі бұл жолғы келіссөздер Ливанға қатысты болды. Иранның ядролық бағдарламасы бұл кездесуде талқыланған жоқ. Кездесуге Пәкістан мен Қатар арағайындық етті. Жоспар бойынша, екінші кездесуде Ормуз бұғазы, ал үшінші отырыста Тегеранның ядролық бағдарламасы мен санкциялар мәселесі қарастырылуы тиіс.