Колумбияда жаңа президент сайланды
Осы сәтке дейін бюллетеньдердің барлығы дерлік есептелген. Осы мәлімет бойынша адвокат әрі кәсіпкер Абелардо де ла Эспри-Элья жеңіске жетті. Ол 49 пайыз дауыс жинап, басты қарсыласы сенатор Иван Сепедадан 1 пайызға ғана басым түскен. Жаңа Мемлекет басшысын АҚШ президенті Дональд Трамп құттықтап үлгерді. Абелардо де ла Эспри-Элья елде өршіп тұрған қылмыспен аяусыз күресіп, қауіпсіздікті күшейтуге уәде беріп жатыр.