Президент Иордания Королін Al-Farabi орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді Әл-Фараби орденімен марапаттады.
Президент бұл награда екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілгенін атап өтті. Сондай-ақ Корольдің басшылығымен Иордания халықаралық аренада, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға атсалысып келе жатқанын тілге тиек етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иордания арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыттар бойынша дамып келе жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы Әл-Фарабидің есімі берілген орденнің алғаш рет табысталып отырғанына назар аударып, мұны тарихи оқиға деп бағалады. Король II Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы Әл Хусайин ибн Әли орденімен марапаттады. Мәртебелі мейман Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниет білдірді.