АҚШ-Иран келіссөздерінің алғашқы кезеңі аяқталды
Швейцарияда өткен АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл туралы Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф мәлімдеді.
Кездесу кезінде тараптар арасында келіспеушіліктер де болды. Иран делегациясы Дональд Трамптың пікірлеріне наразылық білдіргені соншалық, тіпті отырыс залынан шығып кетті. Кейін келіссөздер жалғасып, маңызды мәселелер бойынша өзара келісімге келген. Соның нәтижесінде алдағы 60 күн ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізуге бағытталған жол картасын бекітті. Келіссөздер барысында Ливандағы жағдай да талқыланды. Осыдан кейін Ливан президенті Жозеф Аун АҚШ және Катар өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, елдегі бітім режимін сақтау мәселесін қарастырған. Тараптар Израиль шабуылдарын тоқтату және оған қол жеткізу тетіктерін де талқылады.