Аляскада АҚШ жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырады

Фото: depositphotos.com

Аляскада АҚШ жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.  Апаттың себептері әзірге белгісіз. 

«АҚШ жағалау күзеті бүгін Аляска штатының Ситка қаласында болған MH-60 Jayhawk тікұшағының апаты туралы хабарламаға жедел әрекет етті. Қазіргі уақытта оқиға орнына құтқарушылар мен іздестіру-құтқару қызметінің мамандары келді. Экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі, амандығы және оларды құтқару шаралары қамтамасыз етіліп жатыр», - делінген мәлімдемеде.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз