ЕО алғаш рет тәліптермен келіссөз жүргізеді
Еуропалық Одақ «Талибан» өкілдерімен алғаш рет келіссөз жүргізеді. Кездесу Бельгияда өтеді. Тәліптерге Еуропаға кіру үшін бір күндік бес виза рәсімделді.
Тараптар Еуропа елдерінде тұруға, рұқсат берілмеген азаматтарды Ауғанстанға қайтару және көші-қон мәселелерін талқылайды. Әсіресе ауыр қылмысы үшін сотталған немесе "ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп танылғандарға ерекше назар аударып отыр. Бірақ Еурокомиссия бұл кездесу, тәліптерді ресми түрде мойындауды білдірмейтінін нақтылады. Айта кетейік, Еуростат мәліметінше, 2013–2024 жылдар аралығында, ауған азаматтары баспана алу үшін бір миллионнан астам өтініш берген.