Қытай Конгоға мыңға жуық дәрігер жіберді
Қытай Конго Демократиялық Республикасына 1000-ға жуық медицина қызметкерін аттандырды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ Бейжің өңірге шұғыл гуманитарлық көмек жөнелтті. Жалпы қауіпті дертпен күреске мамандандырылған дәрігерлердің алғашқы тобы маусым айының басында барған. Қазіргі ахуалға байланысты Қытай билігі Эбола безгегі өршіп тұрған елді-мекендерге көмекті тағы да арттыруға ниетті.