Катар сұйытылған газ өндірісін жандандырады

Катар сұйытылған табиғи газ өндірісін қайта жандандырады.

Бұл туралы елдің Премьер-министрі мәлімдеді. Бұған дейін Рас-Лаффан өнеркәсіптік кешеніне әуе шабуылы жасалып, елдегі мұнай-газ кәсіпорындарының жұмысы ішінара тоқтап қалған. Ал Қатар сұйытылған табиғи газ экспорттайтын жетекші елдердің бірі. Сарапшылар өндіріс және жеткізу көлемі қайта қалпына келсе, энергетикалық нарықтағы шиеленіс бәсеңдейді деген болжам айтты.