Румыния парламенті Молдовамен бірігуді қолдады

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат ел үкіметіне Кишиневпен ресми келіссөзді жедел бастауға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін Шығыс Еуропаның екі елін біріктіру туралы ойды Молдова президенті Майя Санду да қолдаған еді. Қоғамдық сауалнамаларға сәйкес, екі елдің қосылуын Молдова азаматтарының 40 пайыздан көбі, ал Румыния тұрғындарының 70 пайыздан астамы қалайтынын білдірген. Айта кетейік, құжат парламентте «үнсіз келісім» рәсімі бойынша бекітілді.  Яғни бастама 45 күн ішінде қаралып, кері қайтарылмаса, заң жобасы Румыния Сенатына жолданады.