Ормуз бұғазында қаңтарылған кемелерде 11 мыңнан астам теңізші бар
Ормуз бұғазында 1200 жүк кемесі қаңтарылып тұр.
Бұл көліктерге 125 миллиард доллардың тауары тиелген. Мұны "Рейтер" агенттігі Халықаралық теңіз ұйымына сілтеме жасап хабарлады. Бұдан бөлек Парсы шығанағы аумағында 11 мыңнан астам теңізші қалып қойған. Allianz Commercial сақтандыру фирмасының есебіне жүгінсек, Иран мен АҚШ түпкілікті келісіп, Ормуз бұғазы біржола ашылғанның өзінде кеме қатынасы дұрысталуы үшін біраз уақыт керек. Жалпы мамандардың бағалауынша, қаңтарылып тұрған кемелер қазірдің өзінде бұғаздан шығып кету үшін оңтүстік немесе солтүстік бағытпен жүрсе болады. Бірақ қауіп әлі сейлмеген. Барлығы Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздің қалай өрбитініне қарап, байқастап отыр.