Ормуздағы кемелерді қорғау шарасы тоқтады
БҰҰ-ның Халықаралық теңіз ұйымы Ормуз бұғазы арқылы өтетін азаматтық кемелерге көрсетілетін қауіпсіздік шараларын уақытша тоқтатты.
Бұған Оман шығанағында Сингапурдың жүк кемесіне жасалған шабуыл себеп. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ бұл оқиғаға Иранның қатысы болуы мүмкін деп отыр. Қазір мамандар аймақта теңіз қатынасының қаншалықты қауіпсіз екенін қайта бағалап жатыр. Бұған дейін Иран билігі бекітілмеген бағытпен жүретін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін ескерткен болатын.