Израиль мен Ливан келісімге қол қойды

Израиль мен Ливан АҚШ-тың арағайындығымен негіздемелік келісімге қол қойды.Құжатқа сәйкес, алғашқы кезеңде Израиль Ливан аумағынан әскерін ішінара шығарып алады, алайда әскери күштердің бір бөлігі елдің оңтүстігінде қалады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, «Хезболла» ұйымы қарусыздандырылып, қауіп толық жойылғанға дейін ЦАХАЛ аймақтан кетпейді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл келісімді өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату жолындағы маңызды қадам деп бағалады. Келісім аясында Құрама Штаттар Ливанға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар, сондай-ақ елдің қарулы күштерін нығайтуға қосымша 30 миллион доллар бөледі.