Жапонияда тайфуннан кейін су тасқыны қаупі туындады
Жапонияда қатарынан екі тайфун соғып, нөсерге ұласты.
Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс ((Associated Press)) хабарлады. Күн райының қолайсыздығы елдің шығыс және батыс аймақтарын қамтыды. Қатты жаңбырдың салдарынан көшкін мен су тасқыны қаупі жоғары. Осыған байланысты миллионға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту алды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер бар. Сондай-ақ табиғи апат елдегі көлік қатынасын тұралатты. 200-ден астам әуе рейсі, ондаған пойыз қозғалысы тоқтатылды. Бұдан өзге бірнеше ірі автомагистраль уақытша жабылды.