АҚШ Иран нысандарына шабуыл жасады  

АҚШ Ормуз бұғазындағы Иранның зымырандар мен дрон сақтау қондырғыларына, сондай-ақ жағалаудағы радарларға шабуыл жасады. 

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның жүк кемесіне шабуыл жасауына байланысты атысты тоқтату жөніндегі режимді бұзғанын мәлімдеген болатын. Бұл шабуылды АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс «өрескел қателік» деп сынады. Сонымен қатар бұл соққыға жауап ауыр болатынын да ескертті. Ал Тегаран жүк кемесіне жасаған шабуыл үшін әзірге ресми жауап қатқан жоқ.