Ормуз бұғазындағы жағдайды Иран бақылайды

Иран Ормуз бұғазындағы жағдайды реттеу ісін өз жауапкершілігіне алады. Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи осылай деп мәлімдеп, мәселеге үшінші тараптың ара-ласпауын сұрады.

Егер бұл талап орындалмаса, кез келген шалыс әрекет, бұғаздың ашылуына кесірін тигізеді деп қатқыл мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, кеме қатынасы қайта қалпына келуі үшін, ешбір тарап Иран енгізген шарттарға түзетулер енгізубеуге тиіс. Сондай-ақ Аракчи Израиль мен Ливан арасында жүріп жатқан қақтығыстарға да көңілі толмайтынын айтты.

Аббас Аракчи, Иран Сыртқы істер министрі:

- Кімде-кім Ормуз бұғазына қатысты мәселені өз бетімен шешуге тырысатын болса, бұл жағдайды одан сайын ушықтырады. Ормуз бұғазының ашылуы кейінге шегеріле береді. Кейінгі шабуылдардың салдарын көрдік. Мәселе одан сайын қиындамаса, жақсарған жоқ.