Трамп: АҚШ-қа Иранмен келісім енді қажет емес
АҚШ енді Иранмен келісім жасасуға мүдделі емес. Мұны Ақ үй басшысы Дональд Трамп «Truth Social» әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін Тегеранмен келіссөз жүргізген Вице-президент Джей Ди Вэнс қазір елдің ішкі мәселелеріне басымдық беріп отыр.
Сондай-ақ Трамп Ормуз бұғазындағы жағдай Вашингтонның бақылауында екенін айтты. Вэнс те Конгреске аралық сайлаудан кейін қақтығысқа одан әрі араласу Құрама Штаттар үшін қаншалықты тиімді екеніне күмән келтірген. Ал бұған дейін Ақ үй Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді қайта бастау мүмкіндігін қарастырған еді. Иран тарапы әзірге бұл мәлімдемелерге қатысты тіс жарған жоқ.