Израиль Ливан аумағын қайтадан бомбалады

Израиль Ливанның оңтүстігін тағы атқылады.

Соққы Мадждаль-Зун елді мекеніне жасалды. Әскерилердің мәліметінше, операция ұзындығы 200 метрден асатын жерасты жолы жою үшін жүргізілген. Оның ішінде қару-жарақ пен бірнеше зымыран ұшыру қондырғысы болған. Тұрғындар жарылыстың қатты болғаны соншалық бірнеше шақырым жерден естілгенін айтады. Израиль наурыз айының басында Хезболламен атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен Ливан аумағын атқылауды жалғастырып келеді. 2 наурыздан бері Израиль соққыларынан 4 мың 300-дей адам қаза тауып, тағы 12 мыңнан аса тұрғын жараланған.