Газаға гуманитарлық көмек жеткізу қиындады
Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторына шұғыл көмек жеткізу үшін Израильден барлық жолдарды ашуды талап етті, деп хабарлайды 24KZ.
150 мың шатыр тиелген жүк көліктері шекарадан өте алмай тұр. Көліктердің басым бөлігі Мысырдың Эль-Ариш қаласында қаңтарылып қалған. Бірер күн бұрын қатты жаңбыр жауып, газалықтардың уақытша баспанасын су шайып кеткен еді. 70 мыңнан астам шатыр тұруға жарамсыз болып қалған. Бұл аздай, кәріз жүйесі істен шыққан. Соның салдарынан жаңбыр суы ағын сумен араласып, жұқпалы аурулардың таралу қаупі күшейді.