АҚШ қор нарығы өсті
Dow Jones индексі 0,4, S&P 500 0,7 пайызға, ал Nasdaq Composite 1 пайыздан аса көтерілген.
Сарапшылар: «Мұндай оң өсімге АҚШ пен Иранның арасындағы дипломатиялық байланыстың жақсарғаны туралы жаңалық себеп», - дейді. Осының алдында тараптар Парсы шығанағында өзара соққы жасауды тоқтатып, Ормуз бұғазы бойынша келіссөздерді қайта бастауға уағдаласқан болатын.