Америкалықтардың несие қарызы артты
АҚШ тұрғындарының несие қарызы биыл үшінші тоқсанда тарихи рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Берешек көлемі 1 трлн 300 млрд долларға жуықтады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 52 млрд-қа көп. Деректі Нью-Йорк Федералдық резерв банкі жариялады. Хабарға қарағанда төлемді үш айдан астам уақыт кешіктіріп төлейтіндер көбейген. Сосын мұндай қаржылық қиындыққа 30 жасқа толмаған жастар жиі тап болады. Жалпы ипотека, білім беру және автонесиелерді қоса алғанда, америкалықтардың қарызы 19 триллион доллардан асқан. Бұл – кейінгі 23 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мамандар мұндай теріс үрдісті ипотека және жылжымайтын мүлік кепілдігімен берілетін несиелер көлемінің ұлғаюымен байланыстырады.