Азияның қор нарығы күшейді
Жапонияның Никкей 225, индексі 0,15, ал Топикс акциялары 0,5 пайызға өскен.
Қытайдың көрсеткіші бұдан да жоғары. Шанхай Композит 1,2 пайызға нығайды. Бұған Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың оңалуы себеп. Ал Оңтүстіккореялық Коспи керісінше 0,2 пайызға құлдырады. Теріс үрдіске жасанды интеллект саласындағы компаниялар акцияларының жаппай сатылуы түрткі болған. Олардың қатарында Самсунг Электроникс пен Эскей Хайникс сияқты жетекші технологиялық компаниялар бар.