Израиль ғарыштан соққы жасайтын лазерлік қару әзірлеп жатыр
Израиль бұрын-соңды болмаған қару әзірлеп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
The Jerusalem Post басылымының жазуынша, бұл әлемдегі теңдесі жоқ лазерлік қару саналады.
Елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, әлемде ғарыштан соққы жасау мүмкіндігіне ешқандай мемлекет ие емес. Ал Израиль тұңғыштар тізімін толықтырғысы келеді.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін біз ең үздік мамандарды тартып жатырмыз және осы салада әлемдік көшбасшы болуды мақсат етіп отырмыз. Егер бұған қол жеткізсек, бұл тежеу әлеуетімізді күшейтіп, қомақты ресурстары бар қарсыластарымызға қарсы соққы жасауға, нысаналарды жоюға және басқа да міндеттерді орындауға мүмкіндік береді, – деді Исраэль Кац.
Негізінен, Израиль – қазірдің өзінде жер-жаһандағы лазерлік технологиялар саласындағы жетекші елдердің бірі. Мұнда Iron Beam деп аталатын жерүсті лазерлік әуе қорғанысы жүйесі жасалған. Қуаты 100 киловатт болатын бұл кешен әлемдегі алғашқы жоғары энергиялы жұмыс істейтін лазерлік әуе қорғаныс жүйесі ретінде бағаланған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз