БҰҰ: Жасанды зерде шектен шығып барады

Адамға жасанды интеллект қауіп төндіре бастады.

Сол үшін еркіне жіберуге болмайды, кей жерде тежеп отыру қажет. Мұны БҰҰ-ның тәуелсіз сарапшылар тобы ескертті. Мамандардың айтуынша, нейрожелілердің мүмкіндігі шамамен әр алты ай сайын екі есе артады. Бұл технология қауіпті ауруларды ерте анықтайды, азық-түлік тапшылығын болжайды және оқытып, тоқытады. Бірақ жалған ақпарат таралады, кибершабуылдар және басқа да зиянды контент көбейген. Мамандардың пікірінше, бұл мәселені мемлекеттер бірлессе, шеше алады.