Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 2295-ке жетті

Венесуэлада зілзала салдарынан 2 мың 295 адам көз жұмды.

Зардап шеккендердің жалпы саны 26 мыңнан асады. Елде мыңдаған ғимарат қирады. Қазір апат болған аумақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 27 елден 2 мыңнан аса маман жұмылған. Жер сілкінісі 24 маусым күні Венесуэла астанасы Каракаста және бірнеше штатта болған еді.  Зілзаланың магнитудасы 7,5 -ға дейін жеткен. Және дүмпу екі рет қайталанған. Қазіргі есепке қарағанда 13 мыңдай тұрғын баспанасыз қалған.