Жер шарында мұхиттар жылып барады

Еуропалық теңіз мониторингі қызметінің мәліметіне қарағанда, маусым айында мұхиттағы су бетінің орташа температурасы 21 градусқа дейін көтерілді.

Бұл рекордтық көрсеткіш.  Мамандар мұны жаһандық жылыну және Эль-Ниньо құбылысының салдары деп отыр. Әсіресе Жерорта теңізі мен Тынық мұхитында су қалыптан тыс жыли түскен. Сарапшылар бұлай кете берсе теңіздер тасып, табиғи апаттар жиілейді деп қауіптенеді.