Түркия НАТО-дағы рөлін күшейтіп жатыр
Түркия НАТО-дағы рөлін барынша күшейтіп жатыр. Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады.
Кейінгі 6 жылда Анадолы елінің шетелден қару-жарақ сатып алу көлемі 4 есе өсіп, 10 миллиард долларға жеткен. Алдыңғы жылы қорғанысқа қатысты барлық өнімнің жартысынан астамы одақтастары - АҚШ пен Еуропадан алынды. Анкара серік-тестерін дрон, бронды техника, әскери кемелер және радиоэлектронды жүйелермен қамтамасыз етеді. Сарапшылар: «АҚШ-тың кең қолдауынан ажыраған «кәрі құрлық» қауіпсіздік жүйесін, өзі құруға енді бейімделіп жатқанда, Түркия бұл тұрғыда алға озып барады» , - дейді. Дональд Трамп кейінгі 11 жылда, АҚШ ұжымдық әскери қауіпсіздік үшін шамамен 1 триллион доллар бөлгенін айтады.