Еуропада ыстықтан көз жұмған адам саны 3700-ге жетті
Франция, Нидерланд және Бельгияда ми қайнатар ыстықтан көз жұмғандар саны 3 мың 700 адамға жетті.
Бұл туралы Рейтер агенттігі мәлімдеді. Мамандар бұл көрсеткіш әлі де артуы мүмкін деп отыр. Кейінгі айда аптап ыстық кәрі құрлықтағы миллиондаған адамды әбігерге салды. Қаза болғандардың 85 пайызы - 65 жастан асқан азаматтар. Ең көп өлім-жітім Францияның Иль-де-Франс өңірінде тіркелген. Науқастардың дені жүрек ауруына шағымданған.