Пәкістанда жол апатынан 40 адам көз жұмды
Пәкістанның оңтүстік-батысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 40 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға Белуджистан провинциясында болды. Кветтадан Исламабадқа бет алған автобус жолдан шығып кетіп, шатқалға құлаған. Көлікте барлығы 48 жолаушы болған. Аман қалғандардың көбі ауыр халде емханаға жеткізілді. Оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.