Дауылдан 189 мың адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың солтүстік-шығысында соққан дауыл 185 мың тұрғынды жарықсыз қалдырды. 

Табиғаттың тосын мінезінен ең көп зардап шеккен – Нью-Джерси штаты. Онда желдің жылдамдығы сағатына 110 шақырымға дейін жетті. Соның салдарынан ағаштар құлап, ондаған үй мен электр желілері зақымданды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте өңірде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады. Осыған байланысты билік тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды.