Трамп АҚШ қорғанысына 350 млрд доллар сұрады
Президент Дональд Трамп Конгрессті АҚШ қорғанысына қосымша 350 миллиард доллар бөлуге шақырды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Бұл қаражат Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту үшін өте маңызды», - дейді. Кейінгі уақытта Құрама Штаттарда әскер қатарында қызмет етуге өтініш берушілер саны арта түскен. Бұған дейін Үкімет қорғанысқа 1,5 трлн доллар көлемінде шығынды қарастыратын рекордтық бюджет жобасын қарауға алған болатын.