Иранда 48 мың адамның денсаулығы сыр берген
Иранда бұрынғы Жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.
Кейінгі үш күнде оған қатысқан 48 мың адам медициналық көмекке жүгінген. Қазір Тегеранда аптап ыстық. Салдарынан күн өтіп, әлсіздікке шағымданғандар көп. 18 мың адамға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілсе, тағы 200 науқас ауруханаға жеткізілді. Елде қоштасу шеруі 9 шілдеге дейін жалғасады. Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі туған қаласы Мешһедте өтеді.