АҚШ Иранға қайтадан шабуыл жасады
АҚШ Иранға қайта шабуыл жасады.
Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, бұл жақында Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне жасалған соққыларға қарымта жауап. Сонымен қатар Вашингтон Тегеранға келісілген барлық келісім-шарттарды орындап, аяқтауға 17 шілдеге дейін уақыт берді. Ал Иран тарапы Харг аралы мен бірнеше оңтүстік айлақта жарылыстар болғанын хабарлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ оқ атпау режимін бұзды, енді Тегеран өз мүддесін қорғау жолында тиісті шаралар қабылдайды деп мәлімдеді.