Д. Трамп: Гренландия АҚШ-қа қосылуы қажет

Гренландия АҚШ құрамына қосылуы қажет. Президент Дональд Трамп Анкарадағы НАТО саммитінде осылай деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысы Копенгаген аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз екенін алға тартып, бұл аумақ Данияның емес, АҚШ-тың бақылауында болуы тиіс деді. Бұған Дания Премьер-министрі Метте Фредериксен ел аумағының әр нүктесін қорғайтын боламыз, - деп жауап қатты. Ол аралдың сатылмайтынын және бұл мәселеге қатысты Копенгаген ұстанымы өзгермейтінін атап өтті. Исландия билігі де Данияны қолдап, Гренландия халқының АҚШ құрамына қосылуды қаламайтынын жеткізді.