Лай көшкінінен сегіз адам опат болды

Бангладештің оңтүстік-шығысындағы рохинджа босқындар лагерінде болған көшкін салдарынан сегіз адам қаза тапты. 

Құрбандардың арасында балалар да бар. Табиғи апат толассыз жауған нөсерден кейін болған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, адамдар қираған үйлердің астында қалып қойған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алайда көшкін жолдарды шайып өткен. Бұл іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатты. Синоптиктер алдағы күндері жауын-шашынның тағы күшейетінін ескертті.