Қытайда табиғи апаттан қаза тапқандар саны артты
Қытайдың оңтүстігінде су тасқыны мен лай көшкінінен опат болғандар саны артып, 39-ға жетті.
Тағы 9 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Аймақта нөсер әлі басылмай тұр. Бірер күн бұрын толассыз жауыннан Наньнин қаласы маңындағы су қоймасының бөгеті бұзылып, біраз елді мекенді су басқан. Құтқару қызметтері 130 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялады. Қазір елдің бірқатар өңірінде қауіптің ең жоғарғы - қызыл деңгейі жарияланған. Ал синоптиктер енді елдің шығыс бөлігіне тағы бір тайфун жақындап келе жатқанын ескертіп отыр.