Қытайда өрттен 28 адам көз жұмды

Қытайдың шығысында да аяқ киім фабрикасы өртеніп, 28 адам ажал құшты. "Синьхуа" агентігінің хабарлауынша, тілсіз жау Фуцзянь провинциясында тұтанған.

От көпқабатты ғимаратқа тез таралып, жұмысшылар шатырға қамалып қалды. Өрт кезінде ғимаратта 239 адам болған. Олардың көбін шығарып алу мүмкін болмады. Аяқ киім жасауда қолданылатын тез жанатын материалдар мен желімнің кесірінен от тез жайылған. Қазір төтенше оқиға орнында 180 өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмыс істеп жатыр. 35 техника тартылған. Мемлекет басшысы Си Цзиньпин өрт себебін тез арада анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Қазірдің өзінде кәсіпорын басшылары мен бірнеше қызметкер қамауға алынған.