Америка 25 жыл күткен сәт: Терактіден қираған ғимараттың орнына жаңа кешен салынады
American Express компаниясы Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қираған егіз мұнараларының орнына салынатын коммерциялық ғимарат 2 World Trade Center зәулім ғимаратының құрылысын ресми түрде бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Биіктігі 374 метр болатын 55 қабатты ғимарат American Express компаниясының жаңа жаһандық штаб-пәтеріне айналады.
Нью-Йорк мэрі Зоран Мамданидің айтуынша, жоба шамамен 3200-ден аса жұмыс орнын ашып, қала экономикасына 6 млрд доллар көлемінде пайда әкеледі. Осылайша қираған егіз мұнаралардың орнында салынған қайта салынған кешен жаңа бизнес ауданына айналмақ.
Құрылысты 2031 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаның құрылысына Silverstein Properties жауапты. Компания 2001 жылдан бері Дүниежүзілік сауда орталығының құрылысына қатысты жобаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз