Volkswagen өндіріс қуатын қысқартады

Немістің Volkswagen автоконцерні өндірістік қуатын екі есе қысқартуды жоспарлап отыр.

Компания бұған жаһандық бәсекенің күшеюі себеп дейді. Көліктің кей модельдерін 75 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Бұған дейін Еуропаның ең ірі автоконцерні 2034 жылға дейін Германиядағы 4 ірі зауытты жауып, 120 мың жұмыс орнын қысқартуға ниетті екенін хабарлаған еді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бірлестіктің таза пайдасы 28 пайыз төмендеген.