Венесуэлада 18 мың адам баспанасыз қалды

Венесуэладаға зілзала салдарынан қаза тапқандар саны төрт мың бір жүз адамнан асты.

Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, кейінгі бір тәулікте ғана 200 адамның мәйіті қирандылар астынан табылды. Табиғи апат салдарынан шамамен 18 мың тұрғын баспанасыз қалды. Зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай режимі әлі аяқталған жоқ. Еске салайық, 24 маусымда Венесуэлада магнитудасы 7 балдан асатын бірнеше жер сілкінісі тіркелген. Елде мұндай ауқымдағы апат кейінгі жүз жылдан астам уақыт ішінде болмаған.