Калифорнияда орман өртеніп жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде орман өртеніп жатыр.

Қызыл жалын 920 гектар аумақты шарпыды. Билік бірнеше аудан тұрғындарын шұғыл қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. «Саммит» деп аталатын орман өртіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Былтыр Лос-Анджелес «Итон» және «Палисейдс» алапат орман өрттерін бастан өткерді. Ол кезде 12 мыңнан астам ғимарат күлге айналып, 30-ға жуық адам көз жұмған еді.