Испанияда орман өртінен 12 адам қаза тапты

Испанияның оңтүстігіндегі ірі орман өртінен 12 адам опат болды.

Алдын ала мәлімет бойынша олардың басым бөлігі шетелдік туристер. Тағы 8 азамат жарақат алып, 20-дан астамы із-түзсіз жоғалған. Тілсіз жау АльмЕрия провинциясының таулы аймағында тұтанды. Өрт тез таралып, 3 мың гектардан астам орман мен ауыл шаруашылығы жерлерін шарпыды. Бірнеше елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 400-ге жуық маман жұмылдырылды. Жағдайды ауа температурасының 40 градусқа дейін көтерілуі, қатты жел мен таулы жер бедері күрделендіріп отыр.