Тайвань жұрты тайфунға дайындалып жатыр
Тайвань тұрғындары «Бави» тайфунына дайындалып жатыр. Қазірдің өзінде елдің кей аймақтарында қатты жауын жауып, желдің екпіні сағатына 100 шақырымға дейін жеткен.
Ағаштар құлап, өзендер арнасынан асты. Билік 14 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Су тасқыны мен сел жүру қаупі бар. Сондай-ақ бұл дауылмен Жапонияның Исигаки аралы бептпе-бет келді. Салдарынан 4 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Мамандар ертең «Бави» дауылы 10 млн тұрғыны бар Қытайдың Вэньчжоу ауданына жетеді деп болжап отыр.