БҰҰ: Газа тұрғындарына көмек шектеулі

Кейінгі аптада Газа секторында тыныс жолдары және тері ауруларының 18 мыңнан астам жағдайы тіркелді. 

Көбінесе, тұрғындар паразиттік және бактериялық инфекцияларға, сондай-ақ желшешекке шалдыққаны анықталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, дәрігерлер шамамен 240 мың адамды медициналық тексерістен өткізген. Алайда дәрі-дәрмек пен қаржыландырудың жеткіліксіздігі, отын бағасының қымбаттығы көмектің толық көлемде көрсетілуіне кедергі болып отыр. Гуманитарлық ұйымдар өңірдегі тұрақcыздық пен Израиль блокадасына байланысты бірқатар шектеулерге тап болғанын айтады.