БҰҰ бітімгерлері Ливандағы қызметін аяқтайды
Ливандағы Біріккен ұлттар ұйымы бітімгерлерінің миссиясы аяқталуға жақын. Шарт бойынша әскери және азаматтық қызметкерлерден тұратын көпұлтты құрам 31 желтоқсанға дейін елден шығуға тиіс, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір миссия өкілдері елдің оңтүстігінде атқарып келген міндеттерін Ливан әскеріне тапсыруды бастады. UNIFIL – 1978 жылы Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігінен шығуын қадағалау үшін құрылған бітімгерлік миссия. Оның құрамында 45 елден жасақталған, 7 жарым мыңдай әскери қызметкер бар. 2006 жылғы соғыстан кейін мандаты кеңейтіліп, Израиль мен «Хезболла» арасындағы буферлік аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген.