Қайық апатынан 15 адам қаза тапты

Вьетнам жағалауында туристер мінген қайық апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, су көлігі Фукуок аралына бет алған кезде аударылды. Қайықта Үндістаннан келген 32 турист пен экипаждың төрт мүшесі болған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарына екі кеме мен 35 құтқарушы жұмылдырылды. Апатқа күшті желдің салдарынан көтерілген толқын себеп болған.